Емдеу – сауықтыру мекемелері арасында өткізілген рейтинг бойынша Мамбетова Гулнара Қалхашқызы басқарып отырған Дамбы дәрігерлік амбулаториясы 2- орынға шыққанымен ұжым мүшелері улкен қуанышпен қарсы алды. Ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауда еңбек етіп журген мед қызметкерлерінің еңбегінің еленгені деп білеміз. Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Қоғамымызда ақ халатты абзал жандардың орындары ерекше. Қаншама адамның жанына дауа, тәніне шипа болардай ем тауып, қаншама адамның өміріне араша түсіп жүр. Ендеше, адамгершілігі мен парасаты, білімі мен біліктілігі жоғары, ар-ожданы таза, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандардың қуанышыңа ортақтаса отырып, алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі мен дамыту жолында тартулы табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.