2018 жылдың 28 сәуірде Ф.Онғарсынова атындағы орта мектептің акт залында «Дүниежүзілік иммундау апталығына» орай Дамбы дәрігерлік амбулаториясының дәрігерлері А.М.Мұстафина, Қ.Ғ.Жұмағазиева және Атырау селолық округінің әкімі Ә.Қ.Құмаров бастаған ауыл тұрғындарға, мектеп ұжымына, жас ата-аналарға семинар – кеңес өткізді. Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, слайд көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді және санбюллетень жасалды.