Дамбы дәрігерлік амбулаториясында “Жіті ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын-алу” айлығы.

2018 жылдың 27 маусым – 27 шілде аралығында “Жіті ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын-алу” айлығы барысында Дамбы дәрігерлік амбулаториясы қызметкерлер арасында семинарлар өткізілді, ашык есік күндері ұйымдастырылды. Жас ата-аналар арасында “Сәби күту ережелері” атты нұсқаулықтар өткізілді. №23 “Ынтымақ” бала-бақшасында Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиология бөлімінің жетекші маманы Ж.С.Ихсангалиева қатысуымен бала-бақша қызметкерлеріне, ата-аналарға семинар сабағы өткізілді. “Жіті ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын-алу” туралы плакаттар шығарылып, халық арасында түсіндірме жұмыстары жұргізіліп, буклеттер, бетшелер таратылды.