«Профилактикалық егуден бас тартудың алдын-алу мақсатында иммундаудың маңызы және вакцинациялаудың тиімділігі»

25 шілде 2018 жылы Дамбы дәрігерлік амбулаториясы ұжымының директордың міндетін атқарушы Қ.Ғ.Жұмағазиева бастаған, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша, Атырау селолық округінің әкімі Ә.Қ.Құмаровтын қолдауыменен ауылдық мешітте халық арасында «Профилактикалық егуден бас тартудың алдын-алу мақсатында иммундаудың маңызы және вакцинациялаудың тиімділігі» жөнінде семинар өткізілді.

Семинарға қатысушылар Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиология бөлімінің жетекші мамандары Р.М.Аменова және Ж.С.Ихсангалиева, Атырау облыстық Дін істер басқармасы «Ақпараттық талдау орталығының» теолог маманы А.А.Мағазов және дәрігер фтизиопедиатр А.М.Мендігереева сөз сөйлеп, түсіндірме жұмыстарын жұргізді. Семинар барысында слайдтар көрсетіліп, ақпараттық буклеттер, бетшелер таратылды.