Нашақорлық және құқық бұзушылық

22.04.22 күні Жалпы білім беретін Жамбыл орта мектебінде, Дамбы дәрігерлік амбулаториясының Жаңаталап учаскелік дәрігері: Бабакул Перизат Тарасовна, Атырау ҚПБ №1 ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Ислямов Мейірбек Ізбасарұлы, Жаңаталап ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері мен Жамбыл мектебі ұстаздарының қатысуымен 9-10 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында “Нашақорлық және құқық бұзушылық” тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушыларды толғандыратын сұрақтарына жауап алынып кері байланыс жасалды. Сұхбат соңында, мамандар тарапынан оқушыларды Салауатты өмір салтын берік ұстанып, құқық бұзбауға кеңес берілді.
Нравится

Комментировать
Поделиться