2022 ж. 27 Сәуір күні қалалық әкімдікте, қала әкімінің орынбасарының қатысуымен 2022 жылдың 3 ай қорытындысымен Иммунопрофилактика саласы бойынша Атырау қаласы тұрғындарын профилактикалық екпемен қамту көрсеткіштері туралы үйлестіру кеңесі өтті. Бұл жиында екпемен қамту, екпемен бас тартқандар және аса қауіпті аурулар ішінде сібірлік жараны алдын алу бойынша жүргізілген шаралар туралы айтылды. Осы жиынға Дамбы дәрігерлік амбулаториясының директорының м. а. Шарипова Г.Б. және эпидимолог көмекшісі Мухамбетова Г.Н. қатысты. Гульжанат Базаровна осы жиынның өзекті мәселесі діни ағымдағы ата-аналардың екпе алмау туралы мәселені көтерді. Осы мәселеге байланысты теолог мамандары мен мешіт мамандарының қатысуымен дөнгелек үстелдер өткізуді, түсіндіру-ақпараттандыру жұмыстарын әрі қарай жандандыру ұйғарылды.