Бүгін 9.08.2022 жылы Дамбы дәрігерлік амбулаториясының бас медбикесі Бақтыгүл Аманжоловна және эпидемиологиялық дәрігер Сара Шапеновна амбулаторияға қарасты әскери бөлімнің сарбаздарына семинар өткізді. Осы семинардың басты мақсаты тындаушыларға құтыру, маймыл шешек және ковидке қарсы вакцинация туралы түсіндіру болды. Семинар барысында тыңдаушыларды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берілді.