05.09.2022ж. Дамбы дәрігерлік амбулаториясы Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылдың 18 тамыздағы №373 бұйрығына сәйкес, өзіне қарасты Жамбыл атындағы орта мектебі және Амангелді атындағы орта мектебінің 1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына – Манту сынамасы және туберкулезге қарсы ревакцинация жөнінде Дәрігер-Педиатр М.С.Сисенқызы, Дәрігер-Эпидемиолог Ш.С.Шапенқызы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық ата-аналарды толғандыратын сұрақтарына жауап берілді.



