9 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру

9 қараша күні Дамбы дәрігерлік амбулаториясы Атырау Ауылдық Округі әкімімен осы округке қарасты ауыл тұрғындарына бірлескен жиын өткізді. Осы жиында округ әкімі Н. Халмурзин ауылдың өзекті мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға жауап берді. Ал дамбы дәрігерлік амбулатория бас дәрігері Гүлжанат Базарқызы Шарипова осы жылдың 9 айлығы бойынша атқарылған жұмыс бойынша есеп берді, туындаған сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге Дамбы дәрігерлік амбулаториясының шақыртылуымен “Әлеуметті медициналық сақтандыру қоры” Атырау облысы бойынша бас сарапшысы Аронов С, Ж. МӘМС бойынша толыққанды ақпарат беріп, тұрғындар сұрақтарына жауап берді. Жиын соңында Дамбы дәрігерлік амбулатория Г,Б. Шарипова түрғындармен жеке кездесулер өткізді.