«Медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы, қаржыландыру және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» бойынша кездесу

30 наурыз 2023ж. Дамбы ауылдық округінің әкімшілігінде Дамбы, Амангелді ауылы тұрғындарымен «Медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы, қаржыландыру және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» бойынша кездесу өтті. Кездесуге МӘМС қорының Атырау облысы бойынша филиалының бас маманы Аронов Сағынбек Жеңісұлы қатысып, МӘМС бойынша ақпарат беріп, сақтандырылмаған азаматтарға сақтандыру статусын алу жолдары туралы түсінік берді. Дамбы  дәрігерлік амбулаториясының күндізгі аурухана дәрігері Мустафина Ақкенже Мутиевна сөз сөйледі.