Қызылша ауруының көбеюіне байланысты жиналыс өтті

15 қаңтар. Дамбы дәрігерлік амбулаториясына қарасты «Амангелді» атындағы орта мектебінде қазіргі эпидемиялық жағдай, қызылша ауруының көбеюіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдер арасында жиналыс өтті. Жиналыста тақырып бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген: Дамбы дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибе дәрігері Акжигитова А.А. және дәрігер эпидемиолог Карасаев Д.В. Ата-аналар және мұғалімдер тарапынан баяндамашыларға қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.