Ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында семинар

2 ақпанда Дамбы дәрігерлік амбулаториясына қарасты «Жамбыл» атындағы орта мектебінде амбулаторияның акушер-гинеколог дәрігері Г.Б.Шарипова оқушыларға «Ерте жүктіліктің алдын алу» мақсатында семинар өткізді, түсіндірме жұмыстары жүргізді.

Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы өзекті мәселелердің қатарында.

ДДҰ мәліметтері бойынша, бала өлімінің негізгі себептерінің бірі – жүктілікті үзу және ерте босану. Ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтып, қоғамнан алшақтайды және олардың денсаулықтарына орасан зор қауіп төнеді. Медициналық көрсеткіштер бойынша 19 жасқа дейінгі жүктілік ерте деп саналады. Жасөспірімдердің жүктілігі үшін ең көп таралған кезең – 15-17 жас аралығы. Дәрігерлер атап өткендей, тек 18 жасқа дейінгі қыздың денесі жеткілікті түрде қалыптасқан және бала көтеруге, тууға толық дайын. Ерте жүктіліктің салдарынан жасөспірімдердің 70% – ы жасанды түсік жасап, 15% – ы түсік тастайды. Қыздардың тек 15% – ы ғана сәбилерін аман-есен жеткізіп, босана алады.