


2 ақпанда Дамбы дәрігерлік амбулаториясына қарасты «Жамбыл» атындағы орта мектебінде оқушыларға онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында семинар өткізілді, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жыл сайын 2 ақпанда «Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні» атап өтіледі.
Қатерлі ісік – бұл адам ағзасының кез-келген мүшелері мен жүйелеріне әсер етуі мүмкін аурулардың жалпы атауы.
Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлері – сүт безі қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі, простата обыры, тері қатерлі ісігі және асқазан қатерлі ісігі. Ауруды ерте кезеңде анықтау мақсатында елімізде ұлттық скринингтік бағдарламалар енгізілді, молекулярлық-генетикалық зерттеулер, таргеттік терапия, жоғары технологиялық сәулелік және химиотерапия, иммуногистохимиялық зерттеулер, иммунотерапиялар, сондай-ақ минималды инвазивті, лапороскопиялық, ағзаны сақтайтын операциялар сияқты диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері қолданылады.
Өзіңізді және отбасыңызды қорғаңыз! Аман-сау болыңыз!