


20 ақпан «Дамбы дәрігерлік амбулаториясында» 2023 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды жұмыстары бойынша медициналық кеңес өтті. Медициналық кеңеске Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Абилова А.И., Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Сабыргалиева А.Т. және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы Кашкенова М.Т. қатысты.