Мейірімді жүрек-әлемді тербейді

18 маусым күні «Медицина қызметкерлер күніне» арналған «Мейірімді жүрек-әлемді тербейді» атты салтанатты шара өтті. Осы шарада медицина майталмандары марапатқа ие болды. Олардың арасында Дамбы дәрігерлік амбулаториясының да қызметкерлері марапатталды.

Уралбекова Лора Ғалымқызы – жанүялық денсаулық орталығынын меңгерушісі «Мейірімді жүрек» төсбелгісімен марапатталды.

Ерғазиева Қаракөз Қазимқызы – тіс дәрігері азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін «Құрмет граматасымен» марапатталды.

Жұмашбаева Райгүл Рахымқызы – екпе медбикесі Атырау қаласының әкімдігінен «Алғыс хатпен» марапатталды.

Тлеуова нургуль Сайновна – хатшы «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ Атырау облыстық филиалының «Алғыс хатпен» марапатталды.

Құрметті әріптестер, марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Адал еңбектеріңіз еленіп, тек биіктен көріне беріңіздер.