6 маусым. «Медицина қызметкерлерінің күніне» орай “Дамбы дәрігерлік амбулаториясы” қызметкерлері Құрманғазы ауылындағы «Тамаша» сауда орталығында “Денсаулық – зор байлық ” ұранымен Ашық есік күнін өткізді. Осы шарада тұрғындардың қан қысымы, қандағы сахар, холестерин, көздің қан қысымы өлшенді. Кеңес берілді.
Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулық адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беруі қажет. Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет.








