«Анафилактикалық шок, СЛР және BLS» бойынша семинар

04 қыркүйек. «Дамбы дәрігерлік амбулаториясына» ШЖҚ КМК акт залында жедел-жәрдем фельдшерлері Джаксыбаев Н.О. және Бектлеу Б.С. «Анафилактикалық шок, СЛР және BLS» бойынша семинар өткізді.

Семинарға ұйым басшысы, дәрігерлері, медбикелері, амбулаторияға қарасты ФАП медбикелері мен акушерлері, фельдшерлері, мектеп ұйымдарының медбикелері қатысты. Семинар барысында аталмыш тақырыптар бойынша түсіндіру-көрсету сабақтары өткізілді.