«Дәрігер -talks» ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже «Дәрігер -talks» кейс-платформасының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізу тәртібін, уақытын, қатысу талаптарын және іріктеу критерийлерін айқындайды.
2. Мақсаты
Халықтың медицина мамандығына деген жоғары сенімі мен құрметін қалыптастыру, медицина қызметкерлерінің – дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен абыройын арттыру.
3. Міндеттері
-
Медицина қызметкерлерінің жұмысына халық назарын аудару және оны танымал ету;
-
Халық арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау ұғымын кеңінен түсіндіру;
-
Медицина қызметкері мен пациент арасындағы сенім мен өзара құрметке негізделген құндылықтарды дәріптеу;
-
Медицина қызметкерлері мен пациенттердің позитивті тәжірибелерін баяндау арқылы құндылыққа және пациентке бағытталған тәсілді кеңінен тарату.
4. Қатысушылар
Кейс-платформаға медициналық ұйымдар мен медициналық білім беру ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ пациенттер қатыса алады.
5. Өткізу тәртібі мен шарттары
«Дәрігер -talks» Қазақстан бойынша медицина саласында қызмет ететін, медициналық көмек көрсетуге қатысты жеке жағымды тарихы бар медицина қызметкерлерін іріктеу арқылы өткізіледі. Сонымен қатар, шынайы алғыс пен шабыттың үлгісі ретінде пациенттердің де жеке оқиғалары тыңдалады.
Қатысу – ашық және бірнеше кезеңнен тұрады.
Қатысушылар жасы – 18 жастан 65+ жасқа дейін.
Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау.
Өтінімдер 2024 жылғы 24–30 мамыр аралығында https://jastarruhy.kz сайтындағы «Google Forms» арқылы қабылданады. Өтінімге анкета, кандидаттың тезистері (эссе – жеке тарихы) және бейнежазба қоса беріледі.
Екінші кезең – аймақтардан келіп түскен үміткерлерді ұйымдастыру комитетінің іріктеуі.
Үшінші кезең – партияның орталық аппараты жанындағы комиссияның қатысушыларды іріктеуі.
Бұл кезеңде эссе түріндегі тезистер мен бейнежазбалар қаралып, талқыланады.
Төртінші кезең – республикалық деңгейде «Дәрігер -talks» кейс-платформасының өткізілуі.
6. Партияның орталық аппараты жанындағы комиссия
Қатысушыларды анықтау мақсатында комиссия құрылады. Комиссия құрамын «AMANAT» партиясының хатшысы бекітеді.
6.1. Комиссия құрамы:
-
Комиссия төрағасы – «AMANAT» партиясының хатшысы немесе ол тағайындаған тұлға;
6.2. Комиссия мүшелері:
2) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары;
3) «Жастар Рухы» МҚ төрағасы;
4) Қоғам қайраткерлері;
5) Медицина ғылымдарының ғалымдары;
6) Партия жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес мүшелері;
7) Еңбек сіңірген медицина қызметкерлері.
Кейс-платформа партия жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің жұмысы аясында өткізіледі.
7. Комиссияның міндеттері:
-
Барлық үміткерлерге тең мүмкіндік беру;
-
Ашықтықты қамтамасыз ету;
-
Нәтижелер мен мәліметтерді белгіленген мерзімге дейін жарияламау;
-
Құпиялықты сақтау;
-
Үміткерлерді әділ бағалау және ұсыну;
-
Қосымша ақпарат сұрату;
-
Жалған ақпарат анықталған жағдайда нәтижелерді жою;
-
Спикерлерді сөйлеуге дайындау.
8. Үміткерлерді іріктеу критерийлері:
-
Үміткерлер жеке тарихы мен тәжірибесін эссе және бейнежазба арқылы жеткізеді;
-
Үміткерлермен ZOOM платформасы арқылы байланыс орнатылады;
-
ZOOM кездесулеріне қатыспағандар немесе тезисін қорғай алмағандар тізімнен алынып тасталады;
-
Финалға өткен спикерлерге офлайн репетиция ұйымдастырылады (кешенді дайындық кемінде 2 күн бұрын басталады).
9. Қатысу шарттары:
-
Үміткерлер медицинадағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамға пайдалы құндылықтарды көрсетеді;
-
Тақырып алдын ала ұсынылады және мазмұнына қарай іріктеледі;
-
Қайталаушы немесе мақсатқа сай емес тақырыптар қабылданбайды;
-
Тақырып тыңдармандарға қызықты әрі жаңашыл болуы тиіс;
-
Презентацияға слайд, видео, фото қолдануға болады;
-
Қоғам алдында сөйлеу уақыты – 5–8 минут;
-
Қазақ және орыс тілдерінде сөйлеуге рұқсат етіледі;
-
Толық материалдар (тезис, қосымша мәліметтер) 14 күн бұрын тапсырылады.
Спикерге арналған ескерту:
-
Тақырып пен формат ұйымдастырушылар тарапынан 14 күн бұрын бекітіледі;
-
Репортаждық стильден аулақ болу қажет;
-
Мазмұн нақты мысалдармен, зерттеулермен, фактілермен дәлелденуі тиіс;
-
Дереккөздер көрсетілуі керек;
-
Уақыт регламентін сақтау (5–8 минут);
-
Сахна мәдениетін, сөйлеу әдебін сақтау;
-
Тақырыпқа сай киім кию;
-
Дайындық шараларына міндетті түрде қатысу;
-
Ұйымдастырушылармен тұрақты байланыста болу.
10. Кейс-платформаның құрамдас бөлігі
Бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура деңгейіндегі медициналық білім алушылардың ғылыми, оқу жетістіктерін таныстыру. Бұл диалог, пікір алмасу және шабыт алу алаңы болады.
11. Қорытынды ереже
Осы Ережеде қарастырылмаған мәселелер ұйымдастырушылардың құзыреті аясында және ҚР заңнамасына сәйкес шешіледі.
Ұйымдастырушылар қатысушылар санына, мерзіміне және кезеңдеріне өзгерістер енгізуге құқылы.
12. Ақпараттық қолдау
Республикалық деңгейде «Дәрігер -talks» іс-шарасына ақпараттық қолдау көрсетуді партиялық медиа ресурстар және ақпараттық серіктестер қамтамасыз етеді.
13. Байланыс ақпараты
Ұйымдастыру комитеті:
Астана қ., «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» МҚ, Д.Қонаев көшесі, 12/1, 602-кабинет, тел.: 8 (7172) 707-716, эл. пошта: office.jastarruhy@gmail.com
Ұйымдастырушылар:
-
«AMANAT» партиясы;
-
«Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы» РҚБ;
-
«Астана медицина университеті» КЕАҚ;
-
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қоры;
-
«QUNDYLYQ.KZ» ЖШС.
14. Көрермендер
Бастауыш партия ұйымдарының өкілдері: медицина, білім беру, мәдениет, өнер, спорт, энергетика, инженерия, бизнес және туризм салаларындағы мамандар, жоғары оқу орындарының студенттері.
Қосымша
Бейне-визитка талаптары (естелік-нұсқаулық)
Бейне-визиткада келесі ақпарат болуы тиіс:
-
Аты-жөні;
-
Жасы;
-
Жұмыс орны, қызметі;
-
Кейс-платформадағы баяндаманың тақырыбы, негізгі ойы;
-
«Дәрігер -talks» жобасына не үшін қатысқыңыз келеді? Не күтесіз?
Техникалық талаптар:
-
Формат: avi, mov, mp4;
-
Ұзақтығы: 5 минуттан аспауы тиіс;
-
Сапасы: 720p төмен болмауы керек;
-
Егер бейне 10 ГБ-тан асса, Google Drive арқылы сілтеме беріліп, сілтеме арқылы көруге немесе жүктеуге қолжетімді болуы қажет.