Медбике күнімен!

Құрметті медбикелер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медбике күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің мейірім мен жан жылуыңыз, ерен еңбектеріңіз – денсаулық сақтау саласының алтын діңгегі.
Әрбір ауырған жанға үміт сыйлап, шын ықыласпен қызмет етіп келесіздер.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, қызметте табыс пен алғыс тілейміз!
Қайырымдылық пен кәсіби шеберліктің символына айналған еңбектеріңіз әрдайым бағалана берсін!