Репродуктивті денсаулық апталығы аясында ерлер мен әйелдер арасындағы отбасын жоспарлауға маңызды іс шаралар өткізілді. Апталықтың басты бағытының бірі – болашақ ата-аналардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бала көтеруге дейінгі дайындық. Бұл – дәрігермен кеңесуді, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік пен зиянды әдеттерден бас тарту секілді, салауатты өмірді қалыптастыру. Әрбір азамат өз репродуктивті денсаулығы туралы ақпарат алуға және сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге құқылы.
Біздің мақсатымыз – жауапты саналы әрі дені сау қоғам қалыптастыру!