Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 18 маусымдағы №395 бұйрығына сәйкес, «Әйелдерге жүктілікке дейін, жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бағдарламасына» сай, Дамбы МСАК орталығында әйелдер кеңесі жұмыс істейді.

Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма 14:00 – 17:00; сейсенбі, бейсенбі 08:30-12:30. Қабылдауды акушер-гинекологтар мен акушерлер жүргізеді. Жүкті әйелдерге арналған жеке емдеу бөлмесі қарастырылған.

Акушер-гинекологтар бейінді мамандармен және ведомствоаралық ұйымдардың қызметкерлерімен бірлесе отырып, атқарлатын жұмыстар:
Отбасын жоспарлау.
Жүкті әйелдерді босануға психопрофилактикалық дайындау.
Ауруларды ерте анықтау және уақытылы емдеу.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге психологиялық және медициналық-әлеуметтік көмек көрсету.
Пренаталдық диагностика және ұрықтағы даму ақауларын анықтауға арналған ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) кабинеті жұмыс істейді.
Скринингтер белгіленген мерзімдерге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі.

Отбасын жоспарлау кабинетінде жүктілікке дайындық, отбасын жоспарлау, контрацепция әдістері туралы кеңестер ала аласыз.
Гинекологтың қабылдауына жазылу:
БМСК дәрігерінің жолдамасы арқылы
Тіркеу бөлімі арқылы
«Даму Мед» мобильді қосымшасы арқылы