Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселер бойынша жиналыс өтті

Атырау және Дамбы ауылдық округымен Дамбы МСАК орталығы бірлесе отырып, Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселер бойынша оның ішінде; тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауруханаға жатқызу, медициналық ұйымға тіркелу, скрининг, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сұрақтары бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Дамбы ауылдық округі әкімшілік акт залында жиналыс өткізді. Жиналысқа «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқарма» басшысының орынбасары А.Г.Джангалиева, «Медициналық фармацевтикалық бақылау ком

итетінің Атырау облысы бойынша департамент» басшысы А.И.Абилова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының бас сарапшысы С.Ж.Аронов және «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облыстық филиал директоры Е.Б.Ережепов қатысты.