«Жастарды темекі өнеркәсібінің манипуляцияларынан қорғау»

23 мамыр күні “Фариза Оңғарсынова” атындағы орта мектебінде 8,9,10 сынып оқушылар арасында Дамбы дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибе дәрігері Кабитова Ж.К. және әлеуметтік қызметкер Кенжеева Н. «Жастарды темекі өнеркәсібінің манипуляцияларынан қорғау» ұранымен “Дүниежүзілік темекімен күрес күніне” іс-шара өткізді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, темекі шегу салдарынан жыл сайын әлемде 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. Ал Қазақстанда шылымның кесірінен жыл сайын 18 мың адам көз жұмады екен.

Темекінің зияны тек адам ағзасына тиіп жатқан жоқ, сонымен қоса қоршаған ортаға, жаһандық жылынуға да әсер етіп жатыр. Іс-шараға қатысқан оқушыларға темекі шегудің ас қорытудың қиындауына, тәбеттің төмендеуіне, тістердің сарғаюына, жағымсыз иіске, асқазанның жарасына, тіпті еріннің, тілдің және өңештің қатерлі ісігіне қалай әкелетіні туралы түсіндірілді. Статистика сонымен қатар өкпенің қатерлі ісігінің 90 пайызы темекіні тұтынумен байланысты екенін көрсетеді. Темекі шегу сонымен қатар есте сақтау қабілетін нашарлатуы, депрессияны тудыруы, ұйқыны бұзуы, терінің әжімдеріне ықпал етуі және қан тамырларын тарылтуы және жүрек ауруларына әкеліп соғады. ##ДүниежүзілікТемекігеҚарсыКүрес