Тарихы

 1956-1957 жылдары бұрынғы – Забурын, Манаш, Жанбай елдерінде орналасқан балықшы колхоздары қалаға жақын, Жайық бойында орналасқан Дамбы елді мекеніне көшірілген.

Осаған байланысты – Дамбы елінде аурухана, мектептер салына басталды. 1957 жылы тамыз айында аурухана салынып, пайдалануға берілді. Сол кездерде аурухананы салуға, ұйымдастыруға, кадрлармен толықтыруда болған бас дәрігер ҚССР еңбек сіңірген дәрігер Ғарифолла Шангереев. Одан кейінде аурухананы басқарған бас дәрігерлер – Т.М. Демесинов, Р. Абижанов, С.Ж.Айдаралиев және А.С. Салин. Мустафина А.М. Бәріде халық денсаулығын сақтауда, профилактикалық, емдеу жұмыстарын жақсартуда көп те, жақсы істер істеген адамдар.

Дамбы дәрігерлік амбулаториясы ғимараты Аджип ҚКО компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылым жобаларының қаржысына салынып 2004 жылдың қазан айында іске қосылды. Амбулаторияда тұрақты телефон байланысы (4 нүкте), элетро жарығы, газбен жылыту жүйесі, ыстық – салқын сумен тұрақты қамтамасыз етілген.

Дамбы дәрігерлік амбулаториясы Атырау селосында Атырау қаласынан 20-22 км қашыктықта орналасқан. Дамба дәрігерлік амбулаториясы Атырау және Дамбы селосының округтерiне қарасты елдi мекендерiне: Зарослый ауылы, Саяжайлар, Жаңаталап, Атырау, Құрмангазы, Амангелдi, Дамбы селолары және Пешной аралдарының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетедi. Қызмет көрсету радиусы 10-30 км дейiн.

2018 жылы Дамбы дәрігерлік амбулаториясының қызмет көрсететiн халқының саны – 12544 –ке дейін көбейді, оның iшiнде ересектер – 7405, жасөспiрiмдер – 437, әйелдер – 4051, бала туу жасындагы әйелдер -2938, балалар – 4702.

Дамба дәрігерлік амбулаториясында 9 дәрiгер: дәрігерлердің 4-і жоғары санатты, 1-і I санатты.

Амбулаторияда 1 бас дәрігер, 2 педиатр, 1 терапевт,1 акушер гинеколог, 4 – жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 рентгенолог дәрiгер (совместитель) 1 маман психолог ж/е 45 – орта буын медициналық қызметкерлерi жұмыс жасап, амбулатория маман кадрларымен 100% қамтылып отыр.

Орта буын медицина қызметкерлерінің 11-і жоғары санатты, 7-і 1-ші санатты құрайды.

Амбулаторияда дәрігерге дейінгі бөлме, дені сау балалар бөлмесі, профилактикалық және әлеуметтік көмек көрсету кабинеті, рентген, физиотерапия, стоматология, клиникалық лаборатория кабинеттері жұмыс жасайды. Әр кабинет өз жұмысына қарай қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы аппараттармен, яғни сандық флюрография «Проскан» аппаратымен, стоматологиялық қондырғымен, ЭКГ, холестерин мен глюкоза анықтауға экспресс анализаторлармен жабдықталған. Және осы аппараттармен арнайы оқытылған мамандар жұмыс жасайды.

Дамбы дәрігерлік амбулаториясында күндізгі аурухана екі аусымда 15 төсектік және екі фельдшерлік акушерлік бөлімше «Амангелді» және «Жаңаталап» жұмыс жасайды. 2014 жылдың қараша айында жаңадан салынып, құрылысы біткен «Жаңаталап» фельдшерлік-акушерлік бөлімшесінің ғимараты толық жабдығымен пайдалануға қабылданып, маман кадрларымен толықтырылды. Амбулаторияда тәуліктік 3 ауысымдағы жедел-жәрдем бөлімшесі жұмыс жасайды.