Пациенттерді қолдау орталығы

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

Біздің медициналық ұйымда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35 бабының 5 тармағына сәйкес және Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына сәйкес Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылған.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің функциясына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау кіреді.

Егер Сіз:

  • Медициналық көмек көрсетудің сапасына риза болмасыңыз;
  • Медициналық персонал тарапынан дөрекілік байқасаңыз;
  • Медициналық қызмет көрсетілгені үшін медицина қызметкерлерінің қаражат алу фактісіне тап болсаңыз;
  • Сондай ақ, Сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты мәселелермен, немесе басқа сұрақтарға тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметіне жүгінуге құқықтысыз.

Пациенттерді қолдау қызметіне емделіп жатқан пациенттердің өздері де, және олардың туыстарының да байланысуға құқысы бар.

Біздің ұйым көрсететін медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектесетін өтініштеріңіз, ескертулеріңіз бен тілектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Науқастарды қабылдау күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, №21 кабинет немесе сенім телефоны арқылы 8 (7122) 24-72-57 хабарласуға болады. Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жауапты – директордың орынбасары: Уралбекова Лора Галимовна.