Скрининг

СКРИНИНГ — бүл ауруларды немесе кауіпті факторларлы ерте сатысында аныктау үшін белгілі бір жастағы сау түлғаларды алдын ала медициналык тексеруден өткізу. Бұл шаралар емдеу тиімділігін арттыруға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Скрининг жүргізу кезінде келесі жүмыстар жүргізіледі:

  • антропометрикалық (бойы, дене салмағы, бел ауқымы) өлшемдер жасау
  • артериалдық қысымды өлшеу

Скринингке келесі жастағы топтар жатады:

25, 30, 35,40, 42, 44,46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 — жастағы ерлер мен әйелдер:

  • қандағы глюкозаны және холестерин мөлшерін анықтау
  • көрсеткіш бойынша электрокадиография жасату
  • көрсеткіш бойынша кардиолог, эндокринолог мамандарына қаралу

40, 42, 44,46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 ,66, 68, 70 — жастағы ерлер мен әйелдер:

  • көз ішіндегі қан қысымын өлшеу

30, 35, 40,45, 50, 55, 60 — жастағы әйелдер:

  • жатыр мойнындағы сүртінділерге цитологиялық зерттеу
  • керсеткіш бойынша — кольпоскопия жасату

50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы әйелдер:

  • сүтбездеріне рентген жасау (маммография)
  • көрсеткіш бойынша маммолог, онколог мамандарына қаралу

50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ерлер мен айелдер:

  • тоқ ішек ауруларын ерте анықтау үшін, қан арқылы нәжісті жасырын тексеруден өткізу
  • тоқ ішекке эпдоскопиялық зерттеу жүргізу көрсеткіш бойынша (колоноскопия)

Скринипг — сіз тіркелген медициналық мекемеде ақысыз жүргізіледі.

Өз денсаулығыңызға жауапты болыңыз!