Бірінші басшы

Шарипова Гульжанат Базаровна, 1970 жылы 19 желтоқсанда Атырау облысы, Балықшы ауданы, Балықшы поселкесінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі-жоғары. 1990 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясына түсіп 1997 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
1997-2001 жылдары Атырау облыстық СПИД-ке қарсы күрес диспансерінде, ИФА лаборатория меңгерушісі, дәрігер лаборант қызметін атқарған. 2001-2002 жылдары облыстық перзентханада дәрігер лаборант қызметін атқарған. 2002-2007 жылдары облыстық онкология диспансерінде дәрігер лаборант-цитолог қызметін атқарып, ал 2007 жылы акушер – гинекология мамандығы бойынша 606 сағаттық қайта даярлау курсынан өтіп, 2007 – 2018 жылдар аралығында №4 қалалық емханада дәрігер акушер – гинеколог лауазымында қызмет атқарды. 2019 жылдың 1 қаңтар айынан бастап Дамбы дәрігерлік аммулаториясына дәрігер акушер-гинеколог қазметінде жұмыс атқарып, 2020 жылдың 15 қыркүйек айынан бастап Дамбы дәрігерлік амбулаториясы бойынша директордың міндетін атқарушы лауазымында жұмыс атқарып келеді.
Шарипова Гульжанат Базаровна, өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман, жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді. Қызмет ету кезеңінде өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы, өз ісіне жауапты, ұқыпты, адал басшы ретінде көрсетіп келеді. Ұжымда үлкен құрметке ие. Өзіне де, қызметкерлерге де талап қоя біледі. Өзінің жұмысын мұқият, іскерлікпен атқарады, кейінгі буындарға қашанда ақыл – кеңесін аямайды. Дамбы дәрігерлік амбулаториясы бойынша халық денсаулығын қорғауда үлкен үлесін қосып келеді.