«Су тасқыны кезеңінде санитарлық-профилактикалық іс шараларды алдын алу туралы» 2024 жылдың 16 сәуірдегі №2 қаулысымен таныстыру

18 сәуір. Атырау ауылдық округінін әкімшілігінде ауыл тұрғындар арасында «Дамбы дәрігерлік амбулаториясының» дәрігерлері Молбай С.С., Кабитова Ж.К., Айтмагамбетова Б.А. және эпидемиолог маманы Гизатова М.М. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Су тасқыны кезеңінде санитарлық-профилактикалық іс шараларды алдын алу туралы» 2024 жылдың 16 сәуірдегі №2 қаулысымен таныстыру мақсатында, “Инфекциялық аурулар, оның ішінде ішек инфекцияларын алдын-алу және 14 жасқа дейінгі балаларды «А» вирустық гепатитіне иммундауды, сонымен қатар барлық профилактиқалық екпелерді қамтамасыз ету туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.